top of page

АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАТЫН АҚША

Елімізде үш бірдей банкнота айналымнан шығатын болды. Ескіріп қалған 2, 5 және 10 мыңдықтарды Ұлттық банк Жаңа жылдан бастап халықтан жинап алмақ. Ал нақты қандай банкнот түрлері айналымда қалады? Бұл туралы Nur.kz жазады.

1 қаңтарда 2006 және 2011 жылдары басып шығарылған 2 және 5 мыңдық купюралар құнды қағаздан құр қағазға айналады. Ал 2012 жылы шығарылған 2 мың теңге қолданыста қалады. Ескі теңгелер тізіміне, тіпті соңғылары небәрі үш жыл бұрын шығарылған 10 мыңдықтар да кіріп отыр. Яғни бұл ақшалардың Жаңа жылдан бастап күші жойылады. Десе де, жарамсыз боп қалайын деп тұрған теңгелерді екінші деңгейлі банктер жыл бойы халықтан қабылдауға міндетті. Теңгелерді жаппай жаңартуды бастаған Ұлттық банк жаңадан шығарылуы тиіс жиырма мыңдық купюраның тағдыры жайлы әзірге жақ ашпай отыр. Тіпті айналымнан әне-міне алынатын теңгелердің орнына қандай ақша шығатынын да Данияр Ақышев әлі ашып айтқан жоқ.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page