top of page

Астана. АТАҚТЫ СӘУЛЕТШІНІҢ ҰРЛАНҒАН КОМПЬЮТЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

  • ЕӨ
  • 19 дек. 2015 г.
  • 1 мин. чтения

Астанада Президент саябағының қолды болған сызбасы табылды. Қаскөйлер сәулетші Александр Хванның компьютерін өзіне қайтарып берді.

Құны миллион теңгеден асатын бұл компьютерді ұрылар Хванның Астанадағы бесжұлдызды қонақ үйде орналасқан кеңсесінен көтеріп кеткен болатын. Ал, оның ішінде Еуропада өтетін сәулетшілер арасындағы байқауға Қазақстанның атынан қатысып жатқан Президент саябағының сызбасы сақталған екен. Осылайша Елорданың символына айналған ірі нысанның жобалық түпнұсқасы түбегейлі жойылып кете жаздады. «Сызбаны қалпына келтіру үшін кем дегенде жарты жыл керек» деп шырылдаған сәулетшінің жанайқайын естісе керек, сұғанақтар компьютерді қайтарып беріпті. Яғни белгісіз біреу техниканы қоқыс салатын пакетке орап, қонақ үйдің кіре берісіне қалдырып кеткен.

Александр Хван, сәулетші:

-Әрине, компьютерді бүтін қайтармады. Пернетақтасы мен екі диск жоқ. Бірақ негізгі құжаттар орнында. Соған қуандым. Ал полицияға жазған арызыма келетін болсақ, қазір заңгермен кеңесіп жатырмын. Шағымды қайтарып алатын не алмайтынымды жақын күндері шешемін.

 
 
 

Comments


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page