top of page

Шымкент. ШЕНЕУНІКТЕР ОТАНДЫҚ КОСТЮМ АЛУДАН ЖАРЫСЫП ЖАТЫР


Шымкентте тек отандық өнім сатылатын киім дүкені ашылды деп хабарлайдыNUR.KZ тілшісі.

Онда “GOLDEN NOMAD” тiгiн фабрикасының “Алтын адам” брендiмен ерлер және әйелдер костюмдері мен көйлектері сатылады.

Сауда орнының ашылу салтанатында-ақ жергілікті шенеуніктер жаппай костюм алу науқанын бастап кетті. Олардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бар.

Сондай-ақ облыстық «Жастар орталығы» МКМ директоры Ерлан Айтбаев та аталған бренд өнімін киюді жөн санаған. Ал қала әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек костюм үлгісінің жаңаша түріне тапсырыс беріп кетті. Жергілікті блогерлер де дүкен өнімін сатып алды.

Естеріңізге сала кетейік, ОҚО Сайрам ауданында орналасқан “GOLDEN NOMAD” тігін фабрикасы жылына 26 мың дана костюм-шалбар тігуге қауқарлы. «Қазақстанда жасалған» маркасымен сатылымға шығарылатын өнім бұған дейін жоғары лауазымдағы шенеуніктер де алып үлгерген.

Тіпті қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрам ауданына жасаған жұмыс сапары барысында 25 мың теңгеге аталған фабрика тікке костюмді сатып алған болатын. Одан кейін бірқатар шенеуніктер әлеуметтік желідегі парақшасында аталған фабрика өнімін киіп түскен суретін жарыса жүктеді.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page