top of page

АНАСЫН БАЛАҒАТТАҒАН АЗАМАТ


Н. есімді облыс орталығының тұрғыны тұрғылықты мекен-жайында ұрыс шығарып, анасы А. есімді азаматшаны балағаттаған. Тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматтардың тыныштығын алған ол өзінің бұл әрекеті арқылы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы аталған құқық бұзушылық бойынша өз кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетіндігін және мүгедектігі жоқ екенін айтты.

Сот мәжілісі кезінде сұралған жәбірленуші азаматша Н. болған оқиғаны айтып, татуласуға келіспейтіндігін мәлімдеп, соттан ұлына әкімшілік қамауға алу түріндегі шара қолдануды сұрады.

Іс материалдарын зерделеп, тараптар мен прокурордың қорытындысын тыңдай келе, сот азамат С.-ны ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, үш тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы етті.

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page