top of page

Аягөз. СПОРТ ЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Желтоқсан айының 15 күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында күрделі жөндеуден өткен Мамырсу ауылындағы спорт залы пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген бұл құрылыстың бас мердігері «ПМК-промэлектросвязь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Елбасы ұсынған «Жұмыс пен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске асырылып, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ашылып отырған спорт кешені салтанатында аудан әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметов көпшілікті тәуелсіздік күні мерекесімен және спорт кешенінің пайдалануға берілуімен құттықтады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда бұл спорт кешенінің атқарар орыны ерекше болары сөзсіз.

Осыдан соң спорт кешенінің ашылуымен Мамырсу ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы О.Тұрысбеков, «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» М.Абдуллин, ҚР-ның бокстан чемпионы Д.Амантаев құттықтады.

Спорт кешенінің лентасын аудан әкімі Б.Байахметов, Ұлы Отан соғысының ардагері В.Мақажанов, Б.Рақатаева қиып, спорт залын ашты. Әннен шашу шашылып, спорттың бес түрінен көрініс көрсетілді.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page