top of page

АҚШАСЫН ТӨЛЕ ДЕ АЛА БЕР!

  • ЕӨ-ақпарат
  • 23 дек. 2015 г.
  • 1 мин. чтения

Оқушы мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің және ата-ана комитетінің рұқсатымен қазақ-түрік лицейінде сатушысы жоқ дүңгіршек ашты.

Тоңазытқышқа түрлі тәттілер мен сусындар қойылған. Барлық тауардың құны жазылған. Балалар шоколад пен сусындарды алып, қорапқа қажетті сомасын тастап кетеді, ал қалдығын өздері тиындардың арасынан есептеп алады екен.

Идея авторы Мұхамедияр Қадыров. Ол осылайша мектеп оқушыларының шыншылдығын және тәртібін дамытқысы келіпті. Бұл жоба үш ай бұрын бастау алды. Директор Жошкун Шабанның айтуынша, бастапқыда жарты ақша қайтпай қалыпты, бірақ қазір қорапта сома толықтай жиналған. Айта кетейік, мұндай ерекше дүкендер Еуропаның кейбір елдерінде бар. Онда балаларға емес, ересек адамдарға да арналған дүкендер қызмет атқарып тұр.

 
 
 

Comments


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page