top of page

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

  • ЕӨ-ақпарат
  • 23 дек. 2015 г.
  • 1 мин. чтения

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиевті пара алу үстінде ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

«2015 жылы 9 желтоқсан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиевті делдал арқылы жалпы сомасы 1,2 млн. теңге көлеміндегі кезекті параны алып жатқан жерінде ұстады», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметтерінше, аталған тұлға жүйелі түрде ведомствоға бағынышты кәсіпорынның директорынан лауазымынан айырылып қалмауы және оған қызметі жағынан қамқорлық көрсетіп отыруы үшін ақшалай қаражат талап етіп отырған. М.Сапарғалиевке қатысты «тұтқындау» бұлтратпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 
 
 

Hozzászólások


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page