top of page

МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ  ШЕБЕРЛЕРІ


Семейдің Төлеубай Аманов атындағы №16 орта мектептің 4-сынып оқушылары Алина Мұратқан мен Әмина Ермекова таяуда Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық байқаудан Бас жүлдемен оралды.

Ақын шығармашылығын дәріптеуге арналған өнер сайысы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған. Байқау Алматы қаласында өтті. Республикалық сайыста оқушылар вокалдық ән өнері және көркемсөз оқу жанрынан сынға түсті. Оған еліміздің әр өңірінен 370-тен астам бала қатысқан.Жеңімпаздар Алина Мұратқан мен Әмина Ермекова 4 сыныпта оқиды. Олар, әсіресе, көркемсөз оқығанды ұнатады екен. Оқушылар байқауға Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім?» атты поэмасын дайындаған. Олар осыған дейін де түрлі деңгейдегі өнер сайыстарына қатысып, көзге түскен.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page