top of page

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖОҒАЛҒАН БАҚТАШЫНЫ ТАПТЫ


Семейде 8 желтоқсан күні 40 жастағы бақташы малын іздеймін деп жоғалып кеткен. Ауа райының қолайсыздығынан үйіне қайта алмаған ол Қараөлең ауылдық округінің Шыныбай қажы моласы маңындағы күркеде отырған жерінен дін аман табылды. Ол 7-13 желтоқсан күндері аралығында іздестірілді.

Аталған ауданды тексеру кезінде құтқарушылар бақташы жасырынған күркені анықтаған, оның жылқысы жақын маңда жүрген. Бақташыны тауып алған соң, өртке қарсы күрес қызметкерлері оны қарап шығып, бақташының аман-сау, психикалық ауытқуы жоқ және үсік шалмағанын анықтады.

ТЖД-нен хабарлағандай, 2015 жылдың 8 желтоқсанында сағат 14:40-та Семей қаласы бойынша әкімдік кезекшісіне Семей қалалық ІІБ-нің кезекшісінен Алғабас ауылдық округіндегі «Киікқашқан» бөлімшесінде малын іздеп шыққан 1975 жылғы бақташы жоғалып кеткенін туралы хабарлама келіп түсті. Алайда жоғалған мал қайтып келгенімен, бақташы табылмаған болатын. Оқиға жағымды жаңалықпен аяқталды.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page