top of page

ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН МҰСТАФА ШОҚАЙ


Семей қаласындағы Орталықтандырылған кітапханада Шығыс кентіндегі кітапхана бөлімшесі қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына арналған тарихи сабақ өтті.

№47 мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен өткен шара барысында кітапханашы М.Шоқай туралы бейнефильмді қатысушылар назарына ұсынды. Бұдан соң М. Шоқайдың Түркістан автономиясының негізін қалауда, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы Түркістан платформасын құруды қолдауы туралы әңгімеледі. Оның ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық және әлеуметтік қайта жаңғыру үшін басталған қозғалыстың көш бастаушыларының бірі болғанын жеткізіп, Мемлекеттік Думадағы қызметі, Мұсылмандардың ІV төтенше құрылтайына қатысқаны туралы мол мағлұматтар берді.

Шараның жалғасында балалар «Мюзикл» тобының әншісі Карина Абдуллинаның орындауындағы «Сен мұңыңды бер маған» әнін сүйсіне тыңдады. Бұл ән режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» фильмінен кейін кең танымал болған екен.

Шара соңы «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесіне жасалған библиографиялық шолумен аяқталды.


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page