top of page

«СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС-ОҢТҮСТІК» жоғары вольтты желіні құрудың алғашқы кезеңі жүріп жатыр


Жоғары вольтты электр тарату желісін (ЭТЖ) салу жобасы 2014 жылдың маусымында басталып, аяқталуы 2018 жылға жоспарланған. Қазір алғашқы кезең жүруде. Энергетиктер оның құрылысы Қазақстанның оңтүстігін және жалпы республиканы ресейлік электр қуаты импортынан арылтады дейді, деп хабарлайды BNews.kz.

“КЕGОС” Шығыс Қазақстан бөлімшесінен хабарлағандай, «Солтүстік-Оңтүстік-Шығыс» бағыты бойынша электр қуатын таратуға арналған 500 киловаттық жоғары вольтты желінің құрылысы толығымен жүріп жатыр. Монтаждық бригада «Екібастұз-Семей-Өскемен» жобасының алғашқы кезеңін іске асыруда.

Семей мен Өскемен аралығында кабельмен жалғасқан 400 аса жоғарғы вольтты тіреуіштер орнатылды. Сондай-ақ қуаттылығы 500 кВ «Семей» подстансасының құрылысы басталды.

«Подстансада толығымен барлық металлқұрылымдар орнатылды. Қазір сөндіру, бөлу, трансформаторларды өлшеу, қуатты шектеу бойынша жаңа европалық жабдықтарды орнату жұмыстары жүріп жатыр, және де жедел басқару бөлімі, қосымша ғимараттар құрылуда», – деді “КЕGОС” АҚ «Шығыс желіаралық электр жүйелері» бөлімінің бас инженері Алексей Запольский.

Бұл алаңдағы жұмыстар 2017 жылға қарай аяқталуы тиіс. Алайда «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» бағытындағы екінші кезең бар. Қазір ол бойынша жер құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, яғни құрылыс үшін жер телімі бөлінуде. Барлық істер аяқталған соң ЭТЖ бойынша осы бағыттағы жұмыстар басталады. Бұл елдегі үшінші транзит болмақ. Екеуі бар – «Солтүстік-Батыс» және «Батыс-Шығыс» олар Қарағанды арқылы өтуде. Бүгін жасалып жатқан желі Шығыс Қазақстан арқылы өтеді.

«Бұл желі біздің аймағымызды дамытады, және жалпы алғанда барлық республиканы дамытады және РФ электр энергиясы алу тәуелділігінен босатады. ШҚО электрмен қамту сенімді болады, алайда бұл транзит бүгінде электр қуатынан тапшылық көріп отырған Қазақстанның оңтүстігі үшін маңызды болмақ.», – деді Алексей Запольский.

Төрт жыл ішінде ұзындығы 1500 шақырымдық жоғарғы вольтты желі мен Семей, Ақтоғай және Талдықорғанда үш жаңа подстансалар құрылады, және Екібастұз, Өскемен және алматыда қуаттылық арттырылады.

Салыстыру үшін айта кетейік, 500 кВ «Солтүстік-Оңтүстік» электр тарату бойынша екінші желінің құрылыс жұмыстары 2009 жылдан бері бес жылға созылғанды. Оның ұзындығы 1097 шақырым.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page