top of page

АВТОРЫ БЕЛГІСІЗ КАРТИНА ТАРТУ ЕТІЛДІ


Семейлік өнертанушылар теңіз көрінісінің құпиясын ашуға тырысуда. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі жаңа жылдың алғашқы күндері белгісіз голландиялық суретшінің туындысын көрермен назарына ұсынды.

Құнды дүниені Өскемен және Семей епископы Амфилохий тарту еткен. Картина шамамен ХІХ ғасырдың басында салынған деген болжам бар. Онда ашық теңіздегі дауыл күнгі желкенді қайықтар бейнеленген. Бұрышында суретшінің қолтаңбасы да бар екен. Әзірге жергілікті мамандар оның кімге тиесілі екенін дөп басып айта алмай отыр. Семейліктерге голландиялық өнертанушылар көмек беруге уәде беріпті. Мұражай қорында аталған ел суретшілерінің бұдан басқа тағы 3 суреті сақтаулы тұр.

- Қазіргі күнде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Әрине бізде арнайы құралдар, аппараттар жоқ. Бірақ зерттеу жұмыстары әртүрлі. Голландияның мамандарымен танысу, көптеген материалды зерттеу, адамдармен кездесу арқылы бір құпиясын ашамыз деп үміттенеміз, – деді мұражайдың ғылыми қызметкері Ильвира Халитова.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page