top of page

Арман адамды болашаққа жетелейді

  • Айсезім Саятқызы,
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Арман - болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат. Әр адамда арман бар. Бірақ ол арманға жету үшін көптеп жұмыс істеу керек, яғни еңбектену керек. "Арман алысқа жетелейді" демекші, менің де арманым бар. Менің дизайнер болғым келеді. Ол арман бірге өсіп, өркендеп жатыр. Дизайнер болар алдында мен ұстаз болғым келген. Бірақ екеуінің ешқандай артықшылығы немесе кемшілігі жоқ. Мұғалімдер қарапайым халықпен тез тіл табыса біледі, ол кісілердің сөйлеу мәдениеті де жоғары болады. Сол білімді ұстаз, қазақ қызы Ибрагимова Зухра Лесбекқызы. Ол - қазақ тілі, әдебиет пәнінің шебері, менің аяулы да, ардақты ұстазым, екінші анам. Менің ата-анам, осы ардақты ұстазым менің мақсатыма жетуіме көмектесіп, бар білімін айтып, бізді жетілдіріп жатыр. Ал енді дизайнер болғым келгені, мына Қазақстан Республикасын өзімнің көйлектеріммен әлемге әйгілі қылғым келеді. Менің сәнді киімдерімді көптеген мемлекеттер білетін болады. Мен әлемді шарлайтын боламын. Мына менің ата-анамды, ұстазымды осы ғаламшарда бар тіршілік иелері танитын, білетін болады.

Кім біледі, мына бүгінгі арманым-ертеңгі болашағым болар! Бүгінгі қиялымдағы ойым-ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!

Айсезім Саятқызы,

8-сынып оқушысы

Семей қаласы

 
 
 

コメント


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page