top of page

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ  ІСТЕР


Жыл сайын желтоқсан айында еліміз бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтетіні белгілі. Осыған орай, жуырда қалалық әкімдікте аталмыш салада тер төгіп жүрген бір топ белсенді азаматтарды марапаттау рәсімі болып өтті.

– Семей аймағы бойынша 700-ге тарта шаруа қожалығы, 8 серіктестік және 2 өндірістік кооператив тіркелген. Жыл сайын асыл тұқымды шаруашылықтардың саны артып келеді. Биылдың өзінде 25 шаруа қожалығы осындай мәртебеге ие болды. Өсімдік шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Нақтырақ айтсақ, 54 мың тонна картоп, 36 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. Ағымдағы күзгі жиын-терін науқаны жоспарға сәйкес жүргізілді. Барлық өнім түрлері сақтау қоймаларына дер кезінде жеткізілді. Бұған қоса Үкімет тарапынан шаруаларға 1 млрд. 300 млн. теңге көлемінде субсидия берілді. Бұл дегеніміз өте үлкен қолдау. Ендігі кезекте сүт өнідірісін дамыту көзделуде. Осыған байланысты 2 шаруашылықпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта 200 басқа арналған сүт-тауарлы фермалар бой көтеретін болады- деді қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ержан Сүлейменов.

Салтанатты басқосуда қала әкімінің орынбасары Қ.Ерембесов пен қалалық мәслихат хатшысы Б. Ақжалов өңіріміздегі ауыл шаруашылығының ілгерілеуіне үлес қосқан азаматтарға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және Семей қаласы әкімі атынан Алғыс хаттар табыс етті.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page