top of page

Аягөз. ШЫҢҒЫС ШЫН БАБЫНДА ЕКЕНІН КӨРСЕТТІ

Таяуда Аягөз ауданының халқына қуанышты хабар келіп жетті. Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейінің үшінші сынып оқушысы Шыңғыс Тоқанов ақын Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер арасында өткен республикалық байқаудан бірінші орынды иеленіп қайтты.

Дүбірлі додаға 300-ден астам балалар мен жасөспірімдер қатысқанын ескерсек, Шыңғыстың жеңісінің салмағы арта түседі. «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» деп аталған аталмыш байқауда «Көркем сөз оқу» номинациясы бойынша алдына жан салмаған Ш.Тоқановты баптаған ұстазы Айтолқын Матақбаеваның бұл жерде еңбегі алабөтен екендін қазылар алқасы бір ауыздан мақұлдады. Ақын шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық ерекшеліктерін көрсетуге бағытталған байқау жас оқырмандар үшін де үлгі-өнеге аларлықтай болғанын айта кеткен ләзім. Балалар мен жасөспірімдердің поэзия әлеміне бойлауы үшін ұйымдастырылып отырған республикалық байқаудан үздік шыққан аягөздік өрен Шыңғыс Тоқанов пен ұстазы Айтолқын Матақбаеваны әріптестері шын жүректен құттықтады.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page