top of page

Башқұртстан. 14 ЖАСТАН НЕКЕ ҚИЮҒА РҰХСАТ БЕРІЛДІ


Башқұртстан Құрылтайының мемлекеттік жиын депутаттары белгілі бір жағдайларда 14 жастан неке қиюға рұқсат беретін заңды қолдау шешімін қабылдады, деп хабарлады "Интерфакс".

Республиканың Отбасы кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, неке қию жасы 18-ден басталады. Ал жүктілік, бала туу сияқты белгілі бір жағдайларға байланысты 14 жастан неке қиюға рұқсат беріледі.

«Бұл заң жобасы неке жасын азайтпады. Ол ең төменгі жасты көрсетеді. Бұрын ең төменгі жас болмаған. Заң бабына сәйкес неке қиюға тиісті рұқсат беру алдында тиісті материалдар тергеу органдарына тексеру үшін жіберіледі. Қамқорлық органдарының шешімінен кейін ғана неке қиюға рұқсат беріледі», - деді Башқұртстан прокурорының көмекшісі Руслан Исмагилов.

Ол аймақта жыл сайын 16 жасқа толмағандар арасында 10-20 неке қию тіркеледі. Әзірге 14 жасқа дейінгілер арасында неке қию тіркелмеді.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page