top of page

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН  ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛДАУЫ

2015 жылдың 23 желтоқсанында Аягөз аудандық политехникалық колледжінде жастар орталығы, «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жа­һандық нақты ахуалда: өсім, рефор­малар, даму» атты халыққа Жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында «Елбасы Жолдауын жастардың қолдауы» атты студент жастармен кездесу өтті.

Политехникалық колледждің белсенді студенттері, Жастар орталығы мамандары, ауданның білікті ұстаздары Елбасының халыққа Жолдауындағы жастарға бағытталған міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Әр жылғы Жолдаудың өз жаңалығы бар. Дегенмен, биылғы Жолдау ерекше. Әрине, Елбасының әр жылдардағы Жол­даулары белгілі бір тарихи конъюнктураға негізделген, ал биылғы Жолдаудың маңыз­ды­лығы – ол сыртқы және ішкі саяси өзгерістер кезіндегі халықтың көкейінде жүрген «Елдің ертеңі не болмақ?» деген мәселелерге ар­налды.

Жыл сайынғы Жолдаудан әркім өзіне керегін күтеді. Кәсіпкер жаңа бизнес көздері туралы айтыла ма деп елеңдейді, инвестор қай жерден не ашамын деп жоспарлайды, мұғалім мен дәрігер жалақысының, зейнеткерлер зейнетақысының қашан және қаншаға өсетінін естігісі келеді. Ал, бұл жолғы Жолдауда халық күткен жаңалықтың ешбірі қалыс қалған жоқ.

Бұл жолдаудың 15 тапсырмасы адам әлеуетін дамытуға бағытталған. Жастарға, әсіресе, осы тапсырмалар жігер сыйлады. Жоғары жалақы, жоғары шәкіртақы, білім берудің жаңа жүйесі — барлығы да келешек ұрпақтың болашаққа деген сенімін арттырды. Сондай-ақ, бақытты елдің бақытты ұрпақтары Қазақ елінің мәңгілік ел боларына бір көз жеткізді. Болашаққа сеніммен қарайтын жастар бұл кездесуде Елбасының кезекті Жолдауын ерекше ықыласпен талқылады.

Жастар –елдің ертеңі, кемел келешектің тұтқасы. Елбасының биылғы Жолдауы жастардың әлеуетін биік деңгейде көтеруге мүмкіндік беретін, олардың күш-қайратын мемлекет мүддесіне бағыттайтын, болашаққа сенімін нығайтатын бағдар. Президент жастарды жұмысшы мамандығын меңгеруге шақырды. Себебі, «Қазір техникалық мамандықтың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен адам ғана озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз атқарып жатқан реформалар мен қыруар істің бәрі жастардың болашағы үшін» -деді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

Дамудың өзіндік ерекше үлгісін қалыптастыра білген еліміз енді бір мақсат, бір мүддені арқалап, болашаққа бірге ұмтылмақ. Бұдан Қазақ елінің ұлттық идеясы саналатын мәңгілік ел қалыптасарын байқауға болады.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page