top of page

ЖАЙНА, ҚАЛАМ!

  • Үміткүл ӘСЕМБАЕВА, Семей қаласы.
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Жайнай берсін Семейімнің қаласы,

Ұлы Абайдай шыққан елдің данасы.

Шәкәрім мен Мұхтар сынды ұлдары,

Бибігүл, Майра, Роза – бұлбұл қыздары.

Өркендеуде өнер-білім саласы,

Энергетик ықшам аудан арасы.

Көп жыл бойы тұрғыны боп келемін,

Орталық болып кетеріне сенемін.

Салынуда зәулім үйлер мұнда көп,

Әрбір үйде жарқырайда шырақ-от.

Тап-тұйнақтай ауданымыз жинақы,

Қуанамын жетістікке куә боп.

Ашылды ауылымда үлкен базар,

Сенбі сайын думанға базар толар.

Ауылдан әкеледі апта сайын,

Көкөніс, етін және құртын, майын.

Ризамыз сәтті іс пен талғамына,

Жағдайда жасап, базар салғанына.

Аналық мың алғысым – жақсыларға,

Аңсаған жете берсін арманына.

Үміткүл ӘСЕМБАЕВА,

Семей қаласы.

 
 
 

Comments


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page