top of page

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

  • ЕӨ
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Семей қалалық әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың төрағалық етуімен қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді. Оған кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі және «Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына қала жастарының қанағаттану деңгейі туралы әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы» ШҚО «Қазақстан жастарын қолдау» жастар қоғамдық бірлестігінің есептері тыңдалып, талқыланды. Кеңес мүшелерімен жастар саясатын тиімді жүзеге асырудағы жетістіктер мен проблемалар айтылып, ұсыныстар берілді.

Отырыс соңында жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі мен танытқан белсенділігі үшін бірнеше жастар ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары марапатталды.

 
 
 

Comments


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page