top of page

ЖАҢА ЖЫЛДА 393 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

  • ЕӨ
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Қазақстанда 2015 жылғы 31 желтоқсанда 393 сәби дүниеге келді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 83 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Маңғыстау облысында - 51, Шығыс Қазақстан облысында - 43, Алматы облысында - 39, Жамбыл облысында - 36, Оңтүстік Қазақстан облысында - 28, Астана қаласында - 27 бала дүниеге келді.

Айта кету керек, Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсанында 820 сәби дүниеге келген.

Мереке қарсаңында Семей қаласындағы 31 желтоқсан күні №2 перзентханада – 2, ал, №3 перзентханада 6 нәресте дүниеге келсе, Мешін жылының алғашқы күні яғни, 1 қаңтарда №2 перзентханада – 7, №3 перзентханада 6 сәби өмір есігін ашты.

 
 
 

ความคิดเห็น


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page