Жұмбақ шешіп көрелік!
- Құрастырған Аружан Үсенбаева
- 6 янв. 2016 г.
- 1 мин. чтения
Сым қуалап бойлайды,
Бұрқылдап іші қайнайды.
Әңгіме шертер мән жайлы,
Әжеңнің қамын ойлайды. (Электр самауыр)
Алғандай шоқ басып,
Жалманып жар салады.
Адамға жақтасып,
Тазалық аңсағаны.
(Шаңсорғыш)
Жеңіл-желпі бұйымды,
Кір-қожалаң үйіңді
Құлқынына тастайды.
Гүр-гүр етіп саспайды,
Өзі адамша сығады,
Тап-таза боп шығады. (Кіржуғыш)
Кішкене ғана доп,
Өзінде дамыл жоқ.
Тақтайларға үнемі,
Ұрғылайды маңдайын.
Бар кәсібі бәкене бой,
Торды қарғу әрдайым.
Тордан кетсе ойнақтап,
Ойыншыны ойлантпақ. (Теннис)
Құрастырған Аружан Үсенбаева , 7-сынып оқушысы Абай ауданы
Комментарии