top of page

Көңілді қыс

  • Еңлік  Насырова
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Қыс түсті. Жапалақтап қар жауды. Айнала түгел аппақ. Күн суыта бастады. Біздің мектебіміздің алдында әдемі мүсіндер тізбегі орын алып тұр. Онда «Аяз ата және Ақшақар» одан әрі аңдар орналасқан. Осы көңілді мүсіндер мектеп ауласына көз тартады. Бұған мектептің барлық оқушылары атсалысып қатысқан болатын . Балалар көңілді болып ойнап жүр. Құстарға жаңа ұялар салынды. Қыс мезгілінде бүкіл әлемге әйгілі «Жаңа жыл» мерекесі болады. Бәрі сол мерекеге дайындалады. Жаңа жыл мерекесі мектепте бірнеше күн бұрын өтіп кетті. Мен өз сыныбыммен жақсы көңіл көтердім. Онда мен мақтау қағазын алдым. Барлығы тамаша өтті. Қыста шана , шаңғы , коньки тебуге, аққала жасап , қар атысуға болады. Осы бір керемет жыл мезгілі маған қатты ұнайды. Сондықтан мен осыған орай мынадай «қыс» атты өлең жолдарын арнадым :

«Қыс»

Ақ мамық-ау , ақ мамық,

Қыс келеді қар жауып.

Жердің бәрі ақ кілем,

Жалтырайды күнменен.

Еңлік Насырова

7-сынып оқушысы,

Үшбиік ауылы,

Жарма ауданы

 
 
 

Comentarios


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page