top of page

МЕШІН ЖЫЛЫ СІЗДІ НЕ КҮТІП ТҰР?

  • Ақмарал ОМАШ
  • 6 янв. 2016 г.
  • 5 мин. чтения

ТЫШҚАН 1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008, 2020

Тышқан жылы туғандар үшін жылдың алғашқы айлары жеке мәселелерін шешуге қолайлы болмақ. Бұл жылы жаңа жоспарлар құрып, тынымсыз еңбек еткен Тышқандар жыл соңында соның жемісін көретіні сөзсіз. Жыл басында жұмыс бабында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Достарыңыз бен жақындарыңыздың пікірі жұмысыңыздың жандануына жаңа тыныс бермек. Ал, жеке өміріңізде айтарлықтай өзгеріс болмайды. Егер сіз әлі сыңарыңызды таппасаңыз, қапаланудың қажеті жоқ. Жылдың жаз айлары сіз үшін романтикалық оқиғалармен ерекшеленбек. Өзіңізге көңіл білдірген адамнан бірден теріс айналмай, оның жақсы жақтарын да сараптап көріңіз.

СИЫР 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009, 2021

Сиыр жылы туғандар үшін алғашқы жарты жыл сәтті болмақ. Спортпен айналысуды кейінге қалдырмаған жөн. Жиі іссапарға шығып тұратын Сиырларға отбасына көңіл бөлу қажет. Әйтпесе, жанұялық өміріңізде кикілжіңдер көбеюі мүмкін. Көпшілік ортаны ұнататындығына қарамастан, Сиырлар жауапты сәтте шешімді өздері қабылдайды. Бұл олардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Көктем кезінде жұмыстан демалыс алып, көптен бері аяқсыз қалған істерді тәмамдауға тырысқан жөн. Денсаулық күтімін жыл басынан қолға алған абзал.

БАРЫС 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010, 2022

Барыс жылы дүниеге келгендер шешімді асығыс қабылдайды, сол себепті кейде қолға алған істері нәтижелі болмайды. Бұл жылы Барыстар үй жөндеу жұмыстарына көңіл аударғаны абзал деседі жұлдыздар. Ең бастысы, әр істі алдын-ала жоспарлап алу. Барыстар қалыпты тірліктен бас тартып, жаңалыққа ұмтылса, еңбегінің жемісін көрмек. Отбасы мәселесіне келсек, күйбең тіршіліктен шаршап-шалдыққанда, жанұясымен бірге демалған абзал. Жұмыс бабында белсенділік танытқандардың еңбегі бағаланбай қоймайды. Жұлдыз-жорамал барыс жылғылардың бірқатары алғашқы жартыжылдықта өз денсаулығына сергектікпен қарауын меңзейді.

ҚОЯН 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011, 2023

Мешін жылы сіз үшін аса сәтті болмақ. Келер жылы сіздің көңіл-күйіңізге жақсы әсер ететін себеп мол болады. Кішігірім кедергілер өміріңізге әсерін тигізбейді. Барлық шаруаңыз жеңіл әрі жылдам шешіледі. Мешін жылы тек белгілі жобаларға атсалысыңыз. Көз қызығарлық көп іс-шараларға қатысқанша, болашаққа пайдасы бар, нәтиже беретін жоспарларды орындаңыз. Сондай-ақ әрдайым өзге сала бойынша да өзіңізді жетілдіруді ұмытпаңыз. Егер, Қоян жылы дүние есігін ашқандардың сыңары болса, олар биыл шаңырақ көтеруі әбден мүмкін. Жылдың соңғы айлары сіз күтпеген жақсы жаңалықтар естисіз. Бұл жылы оларды ішкі түйсігі алдамайды, ақылды, көреген, әр қадамын аңдап басатын Қояндар үшін мақсатқа жететін күн алыс емес.

ҰЛУ 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012, 2024

Ұлулар үшін жылдың басында жұмыс бабында ешқандай өзгерістер болмайды. Әдетте тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үнсіз жүруді ұнататын ұлулар «өсуге» ұмтылады. Ұлулар әрқашан көмек көрсетуге даяр, қамқор. Жаз айларында оларға сақ болған жөн. Сонымен қатар, жаңа достардан абай болу қажет. Кез келген адамға сырын ақтарғанмен, одан жеңілдеп қалуы екіталай. Қайта арты даулы мәселелер тумас үшін, жаңа таныстарға сенбеген әлдеқайда дұрыс. Қыркүйек-қараша айларында Ұлуларды тың жаңалықтар күтеді. Махаббат мәселесіне келсек, бұл жылы сыңарын таппаған Ұлулар өмірлік серігін кездестіреді деген сенімде жұлдыздар.

ЖЫЛАН 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013, 2025

Мешін жылы өзімен бірге сізге жақсы мүмкіндіктер алып келеді. Барлық ісіңіз жүзеге аспаса да, басымы жемісті болатыны сөзсіз. Қаржы мәселесінде де жұлдыздар сізге оңынан қарайды. Ақшаңыз мол болады Жыландар жалақысы жоғарырақ жұмыс орнына ауысуы мүмкін. Сіздің талантыңыз бен ынтаңыз бағаланып, жұмыс берушіңіз тиімді ұсыныс жасайды. Жыландар жағымды энергиясының арқасында табыс­ты жұмыс атқарады. Басты артықшылықтары болып саналатын шешім қабылдау мен мақсат қоюы. Мешін жылы тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар үйде де, махаббатта да сәтті болмақ. Жыландар қандай қиындық көрсе де ішкі түйсігі оған қиындықтан алып шығатын жолды әрқашан меңзейді.

ЖЫЛҚЫ 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014, 2026

Биылғы жылы Жылқылар өмірінде үлкен өзгерістер орын алмақ. Шығыс күнтізбесіне сай, туыс, достарымен ренжісіп қалған Жылқылар үшін татуласудың кезі келген сынды. Жылқы жылында туғандар батыл, өзіне сенімді. Бірақ, кейде бұл мінезі оның алға қойған мақсаттарға жетуіне кедергі болады. Сонымен Мешін жылында: сіз жақсы адамдармен жолығасыз, биік мансапқа жету үшін жасалған қадамдар сәтті болады, жетістік пен табыс мол болады, жұбыңызбен қарым-қатынаста еш қиындық тумайды. Сіздің еңбегіңіз бағаланбай қалмайды. Тәуекелге бел буып, жаңа бастаманы қолға алсаңыз, қорықпаңыз. Жылқы үшін мешін жылында сөзшеңдігін қоя тұрып, істің байыбына барып, оны сабырмен шешуге тырысу маңызды

ҚОЙ 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015, 2027

Қойлар әр істеген ісіне терең мән береді. Сол мінезінің арқасында келер жылы талай биіктерді бағындырады. Денсаулық мәселесіне келсек, барлығы Қойдың тамақтануына байланысты болмақ. Уақтылы тамақтанбау салдарынан асқазаны ауырып, денсаулығы сыр беруі мүмкін. Әр іске сабырмен қараса, ақша мәселесінде де таршылық көрмейді. Ең дұрысы қомақты қаржы салуды талап ететін істермен жылдың бірінші жартысы айналыспағаныңыз жөн. Қазан-желтоқсан айларында Қойлардың ісі алға басып, сол жайттарға өзінің көңілі толады. Осы кезде олар өзіне және отбасына қажет қалаған сыйлықты ала алады.

МЕШІН 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016, 2028

Биылғы жылдың қожайыны – Мешін жылы туғандар бұл жылы барлық тұрғыдан көшбасшылық қырын танытады. Мешіндер аса белсенді, жауапкершілігі мол. Мешіндердің жеке өмірінде, отбасында өте жақсы өзгерістер болады. Өмірге сәби келуі, жаңа үй тұрғызуы, жөндеу жұмыстарына кірісуі әбден мүмкін. Тек тағдырдың сыйын күтуге төзсе болғаны, барлық армандарының қалай орындалғанын өзі де сезбей қалады. Қаржы мәселесіне келсек, бәрі де мешіннің өзіне байланысты. Табыс көзін тауып, тынымсыз еңбек етсе, тым жақсы қор жинап ала алады. Ал азды-көпті шығындар кездессе, аса қайғырудың қажеті жоқ. Орнын толтыру — өз қолындағы іс. Әлі өмірлік серігін кездестірмеген Мешіндерге жұлдыздар абай болу қажеттігін ескертеді: болашақ жарыңызды таңдағанда, сіздің қызығушылықтарыңыз бір арнада тоғыса ма, соған мән бергеніңіз дұрыс

ТАУЫҚ 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017, 2029

2016 жылы Тауықтар өмірінде айтарлықтай орасан өзгеріс болмайды. Бірақ, бәрі бірқалыпты. Қызметте де, жанұяңызда да бәрін сабырмен шешсеңіз, қапаланып сан соғатын жағдайлар туындамайды. Ерінбей еткен еңбегіңіз өз жемісін береді. Жұлдыздар Ұлуларға тым ақкөңіл, ашықауыз болмаңыз деп кеңес береді. Өйткені, өзім деп жаныңызға жақын тартқан адам сіз ойлағандай адал болмай, сізге сатқындық жасауы мүмкін. Жыл бойы қомақты сомада қарыз беруден сақ болыңыз: мұның арты үлкен дау болып, өзіңіз кінәлі болып қалуыңыз ықтимал.

ИТ 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018, 2030

Ішкі түйсігіңізге құлақ түре біліңіз. Кез-келген сәтте мәселенің шешімін табуға түйсігіңіз көмек болмақ. Жаңа жыл жаңа жобаларды бастауға қолайлы кезең болмақ. Тиісінше, қаржылық қиындықтар да туындай қоймайды. Эстетикалық жағынан өте сезімтал, ән тыңдап, кітап оқып, гүл өсіргенді ұнататын иттер осы жылы нақты істердің ұйытқысы болады. Ит жылы туғандар еркіндікті сүйетін тағы бір мінезін жақын адамы мойындауына тура келеді. Жұлдыздар шоғыры иттің отбасында сәби өмірге келетін қуанышты тойлар болуы ықтимал деген болжамға сүйенеді. Иттер өздері үшін тамаша болғалы тұрған Мешін жылында қызметінде жақсы табыстарға, түрлі марапаттауларға қол жеткізеді.

ДОҢЫЗ 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019, 2031

Мешін жылы - Доңыздар үшін баюға, қызмет бабында жоғарылауға, сүюге, сүйікті болуға бастайтын жыл. Отбасын құрғандарды әлбетте бақытты, шаттыққа толы күндер күтіп тұр. Қаңтардың аязы да оларды осы жылы тоңдырмайды. Көктем келісімен жүректерінде махаббат гүлі бүр жарған тауықтар бақыттан басы айналып, отбасылы өмірдің қуанышына кенеледі. Жаз айлары да қызыққа толы болып өтеді. Жазда аздап сыр беріп жүрген қан қысымын реттеп, буын ауруларына қарсы ем-дом қабылдау туралы жоспарды іске асырған дұрыс болады. Жұлдыздар Доңыз жылы дүние есігін ашқандарға барынша еңбекқор болуға, бірақ, оның қайтарымын күтпеуге шақырады..

Жұлдызыңызды сөйлеткен Ақмарал ОМАШ

 
 
 

Commentaires


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page