top of page

Риддер. ҮШ БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН


Риддер қаласында «Казцинк» ЖШС РТБК акт залында «Казинтерэтнос» МХО қызметкерлері И.С. Баланин мен К.А. Соловьевке «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерін табыстау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ТЖ басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен жылдың 23 маусымында таңертең жұмысқа бара жатып, балалардың айқайлаған дауысын естіп жекеменшік үйдің дәлізі өртеніп жатқанын, ал терезеден естері шығып жүгірген балаларды көреді.

Ер адамдар дереу терезені сындырып ішке кіріп, екі, үш және сегіз жасар үш баланы алып шығады.

Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз еді, И.С. Баланин мен К. А. Соловьев батыл әрі сенімді іс-қимылының арқасында сол күні балалар аман қалды.

Балаларды құтқару кезіндегі ерліктері үшін ШҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.А. Ломыгин оларға төсбелгілерді табыстады.

РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page