ТУҒАН ЖЕР
- Айсана Жеңісқызы
- 6 янв. 2016 г.
- 1 мин. чтения

Туған жер ата-мекенім,
Әрқашан мақтан етемін.
Алыстасам Ақсуатымнан,
Сағынышпен жетемін.
Туған жерімнің түтіні,
Жақын әркез жаныма.
Осындағы қуанам,
Әрбір атқан таңыма.
Қасиетті ата-тұрағым,
Өзіңде кие-тұмарым.
Перзенттік пейілмен,
Арналар мәңгі жыр-әнім!
Айсана Жеңісқызы
7-сынып оқушысы, «Темірқазық» ақындар орталығының мүшесі Ақсуат ауылы
Комментарии