top of page

ТҰРҒЫНДАРДЫ СУСЫЗ ҚАЛДЫРМАДЫ

  • ЕӨ
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

3 қаңтар күні «Семейводоканал» мекемесінің екі апаттық бригадасы Дулатов көшесіндегі желіде болған ақауды жедел жөндеді. Магистралдық су желісі жарылғандықтан, оң жағалау тұрғындарының жаңажылдық демалыс күндерін сусыз өткіземіз-ау деген қорқынышына осылайша мамандар жол берген жоқ.

Мамандар Дулатов-Уранхаев көшелерінің қиылысындағы асфальт қабатын ашып, жерді экскаватор көмегімен шамамен 4 метр тереңдікте қазды. Құбыр жуан болғандықтан, су ағынын бірден тоқтату мүмкін болмады.

«Бүгін жоғары қабаттағы пәтерлерге суық су іркіліспен келіп тұрғаны туралы шағым айтқан тұрғындар қоңырау шалуда. Желідегі апатқа байланысты су қысымы жеткіліксіз. Апатты жағдайларда, негізі, бір ғана бригада жұмыс істейді. Бүгін екі бригада бірдей жұмыс істеп жатыр. Сондықтан, жұмысты бүгін бітіреміз деген ойдамыз,- деді кешкі сағат 19 кезінде жағдайды түсіндірген Оң жағалау бөлігінің бастығы Юрий Янгалычев.

Семейлік коммуналдық қызмет көрсету мекемесінің қызметшілеріне мін тағып, жұмыстарынан кемшілік іздеу бізде әдетке айналып кеткендей еді. Осы жолы бір ғана сөз айтқымыз келеді: барлықтарыңызға көп рахмет, жігіттер!

 
 
 

Commentaires


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page