top of page

Финляндия. ВЕЛОСИПЕДПЕН ШЕКАРАДАН ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

  • ЕӨ
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Финляндияның кеден қызметі елдің солтүстігіндегі шекарасын велосипедпен кесіп өтуге тыйым салды, - деп хабарладыРБК жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Айта кетейік, Финляндияның солтүстігінде Ресей орналасқан.

Ереже тек Салла және Райя-Йоосеппи бекеттеріне қатысты. Осы кеден бекеттерінен елге автокөлік арқылы ғана кіруге рұқсат етілді. Бұл шешімге елге кіруге ниет білдірген велосипед мінген ресейлік босқындардың көбейіп кетуі себеп болып отыр. Бұдан бөлек қыста велосипед айдау жолаушылардың өміріне қауіп төндіретіні айтылды.

Басылымның мәліметінше, 26 желтоқсанда Салла бекетіне 5 адам мінген көлік келіп, ондағы жолаушылар Финляндиядан пана сұраған. Оларды автокөлікке мінгізіп әкелген Ресей азаматы жолаушыларды шекарадан заңсыз өткізді деп айыпталып отыр. [if !supportLineBreakNewLine] [endif]

 
 
 

Comments


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page