top of page

Қыс  қызығы - сырғанақ

  • Мерлан  Орынбеков
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Маған қыс мезгілі ұнайды. Әсіресе, қар жауып тұрған сәт. Ақша қардың әр ұлпасының пішіні бір-біріне ұқсай ма, қалай? Қалықтап қонып, қалың қарға айналатыны қызық. Сұлулық деген осы шығар. Айналаның бәрі ақ мамыққы оранғанда, әкем бізге сырғанақ жасап берді. Інім екеуміз қардан әр түрлі бейнелер жасаймыз. Таза ауаның иісі біртүрлі ерекше. Далада жүре бергің келеді. Суықтан беті-қолың қызарса да рахат! Демалып, ширап жүресің. Әбден тоңғанда болмаса, үйге кіргің келмейді. Достарыңмен аққала, мұзқала жасап, сырғанақ тебу қандай рахат! Ойынның қызығына кіріп, тоңғаныңды да ұмытып кетесің. Қармен атысып ойнаған кезде қойны-қоншыңа қар толып, аппақ қарға аунап, бейнебір ақ көрпенің үстінде асыр салып жүргендей боламын. Ал, шаңғы мен коньки тебу мені ерекше сезімге бөлейді. Құстай ұшып мұзайдында сырғанау адамды сергітіп, денесін ширатады.

Мерлан Орынбеков,

2-сынып оқушысы

Қасқабұлақ ауылы,

Абай ауданы.

 
 
 

Comments


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page