top of page

Қытай. АЛҒАШ РЕТ ҚАБЫЛДАНҒАН  АНТИТЕРРОРЛЫҚ ЗАҢ

  • ЕӨ
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

ҚХР-дың заң шығарушы органы ел тарихында алғаш рет антитеррорлық заң қабылдады, - деп хабарлайды РИА новости Қытайдың ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, заң елдің ішінде террорлық әрекеттерге қарсы тұруға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, Қытай тарихында бұған дейін антитеррорлық заң қабылданбаған болатын. Заң жобасының бірінші оқылымы былтыр қазан айында, екіншісі биыл ақпанда өтті. Заң жобасы үшінші оқылым кезінде, дүйсенбі күні Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы аясында қаралды.

Бұған дейін заң жобасының үкімет органдары, әскерилер, полицейлер арасында ақпарат алмасудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, көлікте, мемлекеттік шекарада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғаны хабарланған еді. Яғни, заң ақпарат жинау үшін антитеррорлық шолу орталығын құруға арналады.

 
 
 

Comments


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page