top of page

ҮШ АДАМНЫҢ АЖАЛЫНА СЕБЕП БОЛҒАН - ІШІМДІК

  • ЕӨ
  • 6 янв. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Шығыс Қазақстан облысының жеті тұрғыны үшін мереке күндері өрт қауіпсіздігін сақтамау түзетуге келмейтін қателік болып шықты.

Семейде екі отбасыға арналған жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру барысында құтқарушылар жатын бөлмеден үш ер адамның мәйітін тауып алды. Ал 1986 жылы туған тағы бір азаматты құтқарып қалды. Ол І және ІІ дәрежелі күйікке шалдыққан.

Жағдайды анықтай келе мәлім болғаны, зардап шеккендердің барлығы мас күйде боллған. Өрттің шығуына мас күйде шылым шегу және электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп болған деген болжамдар бар.

Айта кету керек, мереке күндері облдыс бойынша 20 өрт оқиғасы тіркелген.

 
 
 

Comments


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page