top of page

ӨЗІМ ЖАСАЙ АЛАМЫН!

Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Бисер тоқумен әр адамның айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, алқа, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашбау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

Сонымен, бисер және майда моншақтардан жасаған бұйымдарды назарларыңызға ұсынамыз.

1. Алдымен жіңішке сымға жасыл түсті пайетка мен бисерді кезекпе-кезек тізіп шығамыз.

2. Дәл ортасынан бөліп, екі жапырақ жасаймыз. Сымдар бір бағытта айналуы тиіс.

3. Енді, дәл осындай әдіспен гүлді жасап шығамыз.

4. Екеуін біріктіріп гүл жасаймыз. Дайын! Мұндай гүлдердің бірнешеуін жасап, букет жасауға болады. Мен тек біреуінің үлгісін жасадым.

5. Келесіде бисер мен моншақтардан ағаш жасадым. Керекті заттар:

6. Мұны да дәл сол әдіспен, сымға тізіп, бір бағытта айналдырамыз. Бірнеше бұтақтарын жасаймыз.

7. Осының бәрін біріктіріп, үлкен бұта жасау керек.

8. Ағашты отырғызатын ыдысқа (кеспенің ыдысы да жарайды) топырақты салып, ермексазбен бекіту керек. Ағаштың түбін сырты боялған ракушкамен (бақалшық, қабыршақ) және түрлі бисерлерді қойып әсемдеуге болады.

Kommentare


РЕДАКТОР БЛОГЫ

ЖУРНАЛИСТЕР

Айдана МАҒЖАН

Ақмарал ОМАШ

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

 

Бізді әлеуметтік желілерден ізде!
bottom of page